Қазақстан бүгін халықаралық әуе рейстерін ашты

Қазақстан бүгін халықаралық әуе рейстерін ашты
Фото: yandex.kz

Қазақстан  2020 жылдың 20 маусымынан бастап Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Таиланд, Грузия мен Жапония сынды елдерге халықаралық рейстерін кезең-кезеңімен қайтадан ашпақ. Мұны Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Қазіргі уақытта отандық және шетел әуе компаниялары халықаралық рейстер кестесін алдын ала жасады. Рейстер әуе компаниялардың веб-сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады. Сонымен бірге, әуе компаниялары рейстер кестесін түзетуі мүмкін.

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін халықаралық бағыттарға, атап айтқанда кестеде көрсетілген бағыттар бойынша (Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Таиланд және Грузия бағыттары бойынша) әуе билеттері сатыла бастады.

Сонымен бірге, Қытайда шектеу шараларының енгізілуіне байланысты қазақстандық және шетел әуе компанияларының кестесі қарастырылып жатыр.

Рейстер Қазақстан және шетелдердің санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда орындалады.

Қ. Слямбек