Шахматтан онлайн турнир өтеді

Шахматтан онлайн турнир өтеді

Қазақстан шахмат федерациясы Халықаралық шахмат федерациясының Checkmate Coronavirus бастамасына үн қосып, шахматтан онлайн турнир өткізбек. Бұл жайында федерацияның Facebook парақшасында жарияланды.

Федерацияның мәліметінше, бұл бастама карантинге байланысты үйде отыруға мәжбүр болған барша шахматсүйер азаматтарға шығармашылық әлеуетін көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бүкіл әлемге осындай қысылтаяң шақта бірлік пен ынтымақ идеясы бәрінен маңызды болып қала беретінін көрсетеді.

"Жоба қатысушылары 2021 жылы Мәскеуде өтетін Бүкіләлемдік Шахмат Олимпиадасына 64 шақырту жеңіп ала алады. Бұл шақырту Олимпиада қонақтарының бүкіл шығынын өтейді. Оның үстіне шахматшылардың сувенир, шеберлік сағатына билет, гроссмейстермен мини-матч секілді 1500 сыйлықты жеңіп алуға мүмкіндігі бар", - делінген хабарламада.

Бұл бастама аясында 16 маусым күні chess.com платформасында шахмат сүйетін барша азаматтар үшін онлайн турнир өтеді. Шара кешкі сағат 18:00-де басталады. Тур саны – 9. Тіркеу сағат 17:00-де басталады. Турнир "Kazakhstan Chess Federation" онлайн клубында өтеді.

Massaget