"Екінші толқынға дайын болуымыз керек" - Тоқаев COVID-19 туралы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирустың екінші толқынына дайын болуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

- Мен осыған дейін айтқанымдай, біз коронавирустың екінші толқынына дайын болуымыз керек. Жағдай ушығып жатыр, біздің елде де, басқа елдерде де қауіпті инфекция анықталып жатыр. (...) Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысын күшейту керек", - деді Тоқаев  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Мұның алдында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтар қауіпсіздік шараларын сақтамаса карантин шаралары күшейтілетінін айтқан еді. Министрдің айтуынша осыған дейін екі ай бойы карантин күшейтілгендіктен жақсы нәтижеге қол жеткізілді.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 9304-ке жетті, 4613 адам айығып, 37 адам қайтыс болды.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Бүгін – футболда ысқырық пайда болған күн
Бүгін – футболда ысқырық пайда болған күн
"Манчестер Юнайтед" ағылшын премьер-лигасында рекорд орнатты
"Манчестер Юнайтед" ағылшын премьер-лигасында рекорд орнатты
Ғалымдар ауаны коронавирустан тазартатын сүзгі ойлап тапты
Ғалымдар ауаны коронавирустан тазартатын сүзгі ойлап тапты
Тест. Балмұздақ. Ағылшын
Тест. Балмұздақ. Ағылшын