Коронавируспен күресте еңбек еткендерге "Халық алғысы" медалі беріледі

Коронавируспен күресте еңбек еткендерге "Халық алғысы" медалі беріледі
Фото: tengrinews.kz

Коронавирус инфекциясымен күресте көзге түскен Қазақстан азаматтарына "Халық алғысы" медалі табысталады. Медаль туралы ақпарат "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

Президент қабылдаған жарлықта "Марапат мақсаты – коронавирус инфекциясымен күресте ерекше көзге түскен Қазақстан азаматтарын көтермелеу" делінген. Сонымен бірге жобаның теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары болмайды деп жазылған. Оған республикалық бюджеттен қаржы бөлінбейді.

Медальмен наградтауға ұсыныстарды Президентке ҚР Парламенті палаталары, ҚР Үкіметі, ҚР Конституциялық Кеңесі, ҚР Жоғарғы Соты, министрліктер, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер береді.

 
Massaget