"Болашақ" стипендиясын тағайындаудың жаңа ережесі бекітілді

"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау мен үміткерлерді іріктеу ережесіне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" сайтында хабарланды.

Енді биылдан бастап "Болашақ" стипендиясының конкурсында ауылдық елді мекендерден келген үміткерлерге басымдық беріледі және конкурсқа жетекші шетелдік жоғары оқу орындарынан шақырту алған талапкерлер ғана қатыса алады.

Жаңа ережеге сай, бағдарлама барлығына бірдей мүмкіндік береді. Барлық квоталық санаттар алып тасталынды.

Конкурс кезеңдері 6-дан 3-ке дейін қысқартылды. Іріктеудің 3 кезеңі мынадай:

1-кезең: Интеллектуал қабілетін, жеке және іскерлік қабілетін, шетелде оқуға психологиялық дайындығын анықтайтын кешенді тест;
2-кезең: Тәуелсіз сарапшылар комиссиясының мүшелерімен жеке сұхбат;
3-кезең: Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысы.

Үміткерлер мемлекеттік тілді меңгергенін көрсететін сертификат алу үшін өздігінен тест тапсырып, құжат өткізген кезде ұсынуы керек. Ауылдық жерден келген үміткерлер қосымша шет тілін білетінін растайтын сертификат ұсынады.

Мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтауға арналған сынақ Ұлттық тестілеу орталығының аймақтық филиалдарында өткізіледі.

Жаңа ережеде алдын-ала тіл оқыту кезеңі алынып тасталды. Бұл тек ауылдық жерден келген талапкерлер үшін сақталады және 6 ай ішінде ағылшын тілін Қазақстан территориясында үйренуі керек.

Басымдық берілетін мамандықтар тізімін Білім және ғылым министрлігі еңбек нарығын ескере отырып жасайды.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қышқыл жаңбыр деген не?
Қышқыл жаңбыр деген не?
Ғалымдар неге пандемияны тоқтата алмай отырғанын айтты
Ғалымдар неге пандемияны тоқтата алмай отырғанын айтты
Шоқан Уәлихановтың қазақ оқ-дәрісі туралы жазғаны
Шоқан Уәлихановтың қазақ оқ-дәрісі туралы жазғаны
Роутер жылдам істеу үшін қайда тұрғаны жөн?
Роутер жылдам істеу үшін қайда тұрғаны жөн?
Шаш түсу: Алдын алудың қарапайым жолы
Шаш түсу: Алдын алудың қарапайым жолы
Көне сөздер көмбесі
Көне сөздер көмбесі