Нұр-Сұлтан қаласының 243,5 мыңнан астам тұрғыны 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем алды

Нұр-Сұлтан қаласының 243,5 мыңнан астам тұрғыны 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем алды
Фото: astana.gov.kz

Бұл төлеммен байланысты жағдай ешқандай қызметтермен ескерілмеген 16 мыңнан астам қала тұрғынын өзектендіруге мүмкіндік берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқан азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жалғасуда.

24 сәуірге дейін 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмекті 243,5 мың адам алды. Әлеуметтік төлемдерге 594,5 мыңнан астам адам өтініш берді. 238 мың өтінім кері қайтарылды, деп хабарлады жұма күні қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

«Карантин кезінде жұмысынан айрылған азаматтар үшін 42,5 мың теңге төлеумен байланысты жағдай бізге 35 мыңнан астам адамның 16 мыңнан астамын өзектендіруге мүмкіндік берді,. Олар қалада тіркелген, жеке секторда жұмыс жасаған, бірақ ешқандай қызметтермен ескерілмеген», – деп атап өтті Б.Мәкен. Оның айтуынша, 30,3 мыңнан астам қала тұрғыны халықтың осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету аясында азық-түлік-тұрмыстық жиынтығын сатып алуға қосымша төлемдер алды.

«Біз біргеміз!» акциясы аясында Елбасының бастамасымен 19 наурыз бен 23 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының 14 478 отбасына Nur Otan партиясынан 50 мың теңгеден әлеуметтік көмек көрсетілді.

«Қазір халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың екінші толқыны іске қосылуда. 28 мыңнан астам қала тұрғынына материалдық көмек көрсетіледі. Партия, бизнесмендер және басқа да азаматтардың күшімен 10 495 азық-түлік себеті таратылды. Наурыз айының соңынан бүгінге дейін бір жарым миллионға жуық антисептикалық маскалар бөлінді. Жалпы, қалада түрлі әлеуметтік іс-шараларға қалалық штабтың 500 еріктісі тартылды», – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы әкімнің орынбасары.

Сондай-ақ ол бизнесмендерге, меценаттар мен еріктілерге «Біз біргеміз!» акциясына қатысқандары үшін алғыс білдірді.  

Н. Үсенова