Нұр Сұлтан қаласында еріктілер жарты миллионнан астам медициналық маска таратты

Нұр Сұлтан қаласында еріктілер жарты миллионнан астам медициналық маска таратты
Фото: astana.gov.kz

Қалалық жастар саясаты басқармасының еріктілер штабы «Жас Отан» жастар қанатының волонтерлерволонтерлермен бірге азық-түлік-себеттері мен гигиена заттарын (медициналық маскалар, антисептиктер) таратуды жалғастыруда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінге дейін олар мұқтаж отбасыларға қажетті тауарлармен бірге 10 мыңнан астам азық-түлік себетін таратты. Қазірдің өзінде 500 мың маска таратылды.  

Nur Otan партиясының қолдауымен #бізбіргеміз акциясының екінші толқыны аясында қалаға 2 миллион маска әкелініп, оның үштен бірі таратылды.

«Еріктілер қызметіне ақы төленеді деген қате пікір бар. Бұл «волонтер», яғни, ерікті ұғымын түбегейлі теріске шығарады. Ерікті – қоғамға пайдалы қызметпен ақысыз айналысатын адам», – деп атап өтті қалалық жастар саясаты басқармасында.

Хабарланғандай, Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мұқтаж жандарға: Нұр-Сұлтан мен Алматыда жалғыз басты қарттарға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және аз қамтылған көп балалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін қаражат бөлінді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz/kz/news/news/22489

Н. Үсенова