Елордада білім беру саласында тағы бір онлайн-жоба іске қосылды

Елордада білім беру саласында тағы бір онлайн-жоба іске қосылды

Қалалық білім басқармасы «Education Club Astana» деп аталатын жаңа жобаны қолға алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

«Жоба әр жұма сайын сағат 15.00-де Білім басқармасының ресми @bilimastana инстаграм парақшасында тікелей эфирге шығады. «Education Club Astana»  жобасының алғашқы қонағы Назарбаев Университетінің түлегі, 100 жаңа есім жобасының 2019 жылғы жеңімпазы, № 54 мектеп-лицейінің директоры -  Сейсенбай Шәкәрім Толыбайұлы», - деп хабарлады білім басқарамасы.

Алғашқы эфирдің тақырыбы «Интернетте оқып жүр талай қазақ баласы» деп аталады. Эфир барысында қазіргі төтенше жағдай кезіндегі қашықтан оқыту жұмыстарына байланысты сауалдар қойылады. Эфир кезінде онлайн-аудитория өздерін толғандырып жүрген сауалдарды эфир қонағына жолдай алады.

Н. Үсенова