Жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады

Қала тұрғындары «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыстар» және «Әлеуметтік жұмыс орны» бағдарламаларына қатыса алады. Бұдан былай азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тікелей байланысты болдырмау мақсатында елорданың жұмыспен қамту орталығының барлық қызметтері онлайн режимде көрсетіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеген және жұмыссыз мәртебесі бар азаматтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды ұсынады. Бағдарламалар бойынша бос орындар тізімі орталықтың https://cz.astana.kz/category/upolnomochennye-po-jetike/ ресми сайтында қолжетімді», – делінген хабарламада.

Қоғамдық жұмыстар – қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, жұмыспен қамту орталығы ұйымдастыратын еңбек қызметінің түрлері. Ұзақтығы — 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Еңбекақысы 73 100 теңгені құрайды. Жұмысқа орналасу үшін 57-89-35, 8-775-654-07-90 телефон нөмірлеріне, nazym_13.06.92@mail.ru электронды поштасына хабарласу қажет.

Жастар практикасы ТжКБ және жоғары оқу орындары түлектерінің мамандық бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуына арналған. Жұмыс іздеушінің жасы 29-дан аспауы тиіс. Практика ұзақтығы 6 айдан аспайды. Еңбекақысы 73 484 теңгені құрайды. Жұмысқа орналасу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 72-93-56, 8-775-654-07-90; электронды пошта: proftest.cz@mail.ru .

Әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығымен шарттық негізде жұмыссыздардың жалақысын субсидиялай отырып, жұмысқа орналастыру үшін құратын жұмыс орны. Жұмыс ұзақтығы – 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Жалақыны жұмыс беруші белгілейді. Жұмысқа орналасу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 72-93-56, 8-775-654-07-90; электронды пошта: proftest.cz@mail.ru.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тікелей байланысты болдырмау мақсатында елорданың жұмыспен қамту орталығының барлық қызметтері eGov порталы, call-орталық, электронды пошта және байланыс құрылғылары арқылы онлайн режимде көрсетіледі. Карантин кезеңінде азаматтарға онлайн-кеңес беру үшін call-орталық операторларының саны артты. Нөмірлер www.cz.astana.kz ресми сайтының «Онлайн-кеңес беру» бөлімінде қолжетімді.