Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесі Елбасы үндеуін талқылады

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесі жастарды төтенше жағдай кезінде қоғамдық қызметке белсене араласып, қайырымды іс жасауға шақырды.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласын жариялап «қоғамдық қызметте бірлесуге шақырды». Әлем жұртын әбігерге салған пандемия – адам өмірі мен оның құндылығына назар аудартты. Бұл бағдарда Елбасы өз тұжырымдарымен бөлісіп, жас ұрпақтың әлеуетіне сенім артатындығын жеткізді. «Жас келсе іске» демекші Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесі атынан бүгінгі жастар буының төтенше жағдай режимінде туындаған қоғамдық қызметтерге белсене қатысуға шақырамыз», - деп атады қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері.