Карантин кезінде елордада санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Карантин кезінде елордада санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық және санитарлық қызметтері карантин кезеңінде жұмыстың күшейтілген режиміне көшті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың барлық аудандарында санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қоқысты жинау, қоқыс жәшіктерін шаң мен кірден тазалау жұмыстары да қолға алынған. Бұдан бөлек, жұмысшылар қоршауларды, аялдама павильондарын, қоқыс жәшіктерін, техникалық және жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды, сондай-ақ, көпірлер мен жол айырықтарын жууда.

«Сондай-ақ, күн сайын жол төсемдеріне су себу, көшелерді сыпыру жұмыстары жүргізіледі. Мамандандырылған техника жол жиегін, гүлзарларды тазалап, жасыл желектердің ұшар басын қалыптастыру жұмыстарын жүзеге асырып жатыр. Мұнымен қоса, барлық қоршаулар/жол белгілерін тазарту, көшелерді жуу, кеуіп қалған бұтақтарды кесу жұмыстары да жүргізілу үстінде», – делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.

Н. Үсенова