"Мәңгілік полк онлайн" акциясы. Тікелей эфир

"Мәңгілік полк онлайн" акциясы. Тікелей эфир
Фото: tengrinews.kz

Ұлы Отан соғысы ардагерлерін ұлықтауға арналған "Мәңгілік полк онлайн" интерактив акция өтеді.

Тікелей эфир Tengrinews.kzMassaget.kz, Salem Social Media, Aitube.kz-те сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Сондай-ақ "Жұлдыз FM" және Tengri FM радиостансасында жұлдыздардың құттықтауы болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақстандықтар бұл шараға белсенді қатысып жатыр. 5 мыңнан аса өтініш түскен.

Сондай-ақ "Бессмертный полк онлайн" акциясын өнер адамдары да қолдады. Бибігүл Төлегеновадан өзге 9 мамыр қарсаңында Роза Рымбаева, Қайрат Нұртас, Мейрамбек Беспаев, Айқын Төлепберген, Нұрлан Абдуллин, Мадина Сәдуақасова және тағы басқалары құттықтау тілектерін айтады. 

Ардагерлерді еске алып, құттықтағысы келетін кез келген адам өз батырының суреттерін және құттықтау роликтерін Aitu мобиль қосымшасындағы Victory арнасына, WhatsApp және Telegram-ға +77016047800 нөмірі бойынша немесе salem@ssmedia.kz электрон поштасына жібере алады. 

"Бессмертный полк" онлайн өтеді. Қалай қатысуға болады?

А. Рысдәулет