Қазақстандықтар мамыр айында неше күн демалады?

Мамыр айында 13 демалыс күні бар. Айдың алғашқы күні – Қазақстан халқының бірлігі күні. Сондықтан 1-3 мамыр аралығы демалыс күндері.

7-10 мамыр аралығында да қазақстандықтар демалады. Бұл демалыс Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне орай беріледі. Әдетте 8 мамыр жұмыс күні саналатын. Биыл 9 мамыр сенбі күніне тұспа-тұс келгендіктен демалыс күні 8 мамырға алмастырылды.

11 мамыр - қазақстандықтар үшін жұмыс күні. Елдегі коронавирус эпидемиясына байланысты төтенше жағдай да осы күнге дейін ұзартылған еді.