Қасым-Жомарт Тоқаев: Індет шарықтау шегіне жеткен жоқ

Қасым-Жомарт Тоқаев: Індет шарықтау шегіне жеткен жоқ
Фото: Tengrinews

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілерге, волонтерлерге алғысын жеткізіп, індеттің шарықтау шегіне жетпегенін мәлімдеді.

"Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны көбеюде, бірақ геометриялық прогрессиямен емес. Бұл дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесі екені анық. Бірақ, індет шарықтау шегіне жеткен жоқ.

Азаматтарымыздан карантинді сақтауды сұраймын. Дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілерге, волонтерлерге алғыс айтамын. Олардың қауіпсіздігіне баса мән беру қажет", - деп жазған ол.

А. Рысдәулет