Алматыда коронавирустан үшінші науқас қайтыс болды

Алматыда коронавирустан үшінші науқас қайтыс болды
Фото: envato.com

Алматыда коронавирустан үшінші науқас қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше тағы бір науқас қайтыс болды. 1960 жылғы. 8 сәуірден бері Орталық қалалық клиникада ем алып жатты, ауыр жағдайда болды. Кахексия болды. Сараптамалар алынды, коронавирус анықталды", - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 1331-ге жетті.

Г. Берік