Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1 мыңнан асты

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1 мыңнан асты
Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

13 сәуір сағат 23.40-тағы эпидемиологиялық ахуал бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 112 адам тiркелді. Оның ішінде: Алматыда 99 адам, Қарағанды облысында 1 адам, Нұр-Сұлтанда 3 адам, Алматы облысында 1 адам, Ақмола облысында 2 адам, Батыс Қазақстан облысында 2 адам, Түркістан облысында 1 адам, Атырау облысында 3 адам. Қазақстан бойынша індет жұқтырғандардың жалпы саны 1091 болды.

Coronavirus2020.kz мәліметіне сай, өңірлер бойынша 13 сәуірдегі эпидемиологиялық ахуал:

Нұр-Сұлтан қаласы – 260,
Алматы қаласы – 271,
Шымкент қаласы – 38,
Ақмола облысы – 73,
Ақтөбе облысы – 11,
Алматы облысы – 22,
Атырау облысы – 62,
Шығыс Қазақстан облысы – 8,
Жамбыл облысы – 46,
Батыс Қазақстан облысы – 11,
Қарағанды облысы – 77,
Қостанай облысы – 3,
Қызылорда облысы – 119,
Маңғыстау облысы – 10,
Павлодар облысы – 10,
Солтүстік Қазақстан облысы – 26,
Түркістан облысы – 44.

12 адам қайтыс болып, 138 адам жазылып шыққан.

 
Massaget