42500 теңгені кімдер алатынын онлайн білуге болады

Елде орнаған төтенше жағдайларға байланысты беріліп жатқан 42500 теңгені кімнің алатынын тексеруге болатын онлайн сервис қосылды.

Енді 42500.enbek.kz сайтына еніп, ЖСН нөмірі мен төлқұжаттың нөмірін жазып жәрдемақыны аласыз ба әлде жоқ па – соны біле аласыз.

Мұны президент кеңесшісі Бағдат Мусин хабарлады.

- Соңғы уақытта халық арасында «әлеуметтік жәрдемақыға өтініш бердім, оның жауабын қалай білемін?» деген сауалдар көбейді. Енді оны тексеріңіздер! – деп жазды кеңесші Instagram-дағы парақшасында.

Оның айтуынша, 1 сағаттың ішінде бір құрылғымен 3 өтінішті тексеруге болады.