Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының коды өзгерді

Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының коды өзгерді
Фото: gov.kz

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) 2020 жылғы 6 сәуірдегі арнайы хабарламасына сәйкес, Нұр-Сұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қолданыстағы TSE үш әріпті кодын NQZ-ге өзгерту туралы түпкілікті ресми шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

- Бүкіл әлемде және Қазақстанда азаматтық авиация - коронавирус пандемиясынан (COVID-19) зардап шеккен салалардың бірі. Қазіргі уақытта халықаралық тәжірибе негізінде авиаторларды қолдаудың түрлі шаралары қарастырылуда. Алайда, әлемдегі азаматтық авиация саласының, оның ішінде Қазақстандағы күрделі жағдайға қарамастан,  коронавирус пандемиясына дейін басталған процестер жалғасын табуда. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) 2020 жылғы 6 сәуірдегі арнайы хабарламасына сәйкес, Нұр-Сұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қолданыстағы TSE үш әріпті кодын NQZ-ге өзгерту туралы түпкілікті ресми шешім қабылданды, - деп жазылған хабарламада. 

Өзгеріс 2020 жылдың 8 маусымынан бастап ресми түрде күшіне енеді. Әуежайдың жаңа коды (NQZ) әуе билеттерді брондаудың барлық жүйелерінде, соның ішінде билеттерде, жолжүк биркаларында, ақпараттық таблоларда қолданылады.

Н. Үсенова