Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 600-ден асты

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 600-ден асты
Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда тағы 20 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 20 адам тiркелдi:
Шығыс Қазақстан облысында - 1 адам,
Жамбыл облысында - 1 адам,
Қарағанды облысында - 16 адам,
Маңғыстау облысында - 2 адам.

"Қазақстандағы коронавирус бойынша 6 сәуірдің 14:40 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында – 116 адам, Қарағанды облысында - 48 адам, Ақмола облысында - 23 адам, Атырау облысы - 24 адам, Жамбыл облысында - 29 адам, Шымкент қаласында - 14 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 5 адам, Қызылорда облысында - 37 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 28 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 604 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.

Т. Есқали