Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды

Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды
Фото: ru.depositphotos.com

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам қайтыс болды. Ол 1964 жылы дүниеге келген Шымкент қаласының тұрғыны.

"Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген", - делінген ресми хабарламада. 

Еске салайық, бұл - коронавирус індетінен болған алтыншы өлім жағдайы. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам, Ақмола облысында 2 адам, Қарағанды облысында 1 адам және Түркістан облысында 1 адам қайтыс болған еді.

Бүгін коронавирус инфекциясын жұқтырған 38 адам тіркелді. Барлығы 569 адам болды. 

Н. Үсенова