Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / COVID-19: 4 сәуірдегі эпидемиологиялық ахуал

COVID-19: 4 сәуірдегі эпидемиологиялық ахуал

COVID-19: 4 сәуірдегі эпидемиологиялық ахуал

4 сәуірдегі эпидемиологиялық ахуал бойынша Қазақстанда Covid-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 531-ге жетті. Жазылып шыққандар – 36, қайтыс болғандар – 5.

3 сәуірде инфекция жұқтырғандар саны 464 болған еді. 4 сәуірдің 22:45-тегі дерегіне сай кешеден бері 67 адамның инфекция жұқтырғаны анықталып, 7 адам аурудан айыққан. 2 адам қайтыс болды.

Қайтыс болғандардың бірі – Түркістан облысының тұрғыны. 64 жастағы марқұм Жетісай қаласында тұрған. Наурыз айының ортасында Алматы облысының Қарасай ауданында қонақта болып, 15 наурызда үйіне оралған.

26 наурызда дене қызуы көтеріліп, дәрігерлерге көрінген. Үш күннен кейін жағдайы нашарлаған соң инфекциялық ауруханаға жатқызылып, анализ тапсырған. Науқастың инфекция жұқтырғаны анықталған.

Жергілікті денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, науқастың диагнозында қант диабеті, қан қысымы болған. Ол "Алматыда болғанын дәрігерлерден жасырған" дейді басқарма өкілдері. Онымен байланыста болған 25 адам анықталды.

Қайтыс болған екінші адам – Ақмола облысының тұрғыны. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сүлен Ілиясов онлайн-брифингте 73 жастағы ер адамға коронавирус диагнозы қайтыс болған соң қойылғанын айтты. Марқұм Целиноград ауданынан. Бұған дейін дисциркуляторлы энцефалопатия, қысым көтерілу сынды дерттермен дәрігер есебінде болған.

"2 сәуірде қайтыс болды. Марқұмның мәйітіне Нұр-Сұлтанда сот-медициналық сараптама жасалды. Сол кезде қан анализінен Covid-19 табылды", - деді Ілиясов.

Денсаулық сақтау басқарамасының хабарлауынша, қайтыс болған адаммен байланыста болған адамдар оқшауланған.


4 сәуірдегі өңірлер бойынша эпидемиологиялық ахуал мынадай:

Инфекция жұқтырғаны расталған жағдай: 531

Нұр-Сұлтан қаласы – 219,
Алматы қаласы – 110,
Шымкент қаласы – 13,
Ақмола облысы – 20,
Ақтөбе облысы – 10,
Алматы облысы – 10,
Атырау облысы – 22,
Шығыс Қазақстан облысы – 4,
Жамбыл облысы – 11,
Батыс Қазақстан облысы – 2,
Қарағанды облысы – 27,
Қостанай облысы – 1,
Қызылорда облысы – 30,
Маңғыстау облысы – 3,
Павлодар облысы – 1,
Солтүстік Қазақстан облысы – 25,
Түркістан облысы – 23.

Жазылып шыққандар: 36

Нұр-Сұлтан қаласы – 17,
Алматы қаласы – 19.

Қайтыс болғандар: 5

Нұр-Сұлтан қаласы – 1,
Ақмола облысы – 2,
Қарағанды облысы – 1,
Түркістан облысы – 1.
 
0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: envato.elements.com
Қосылған күні: 04 сәуір, 23:37

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->