Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 402-ге жетті

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 402-ге жетті
Фото: yandex.kz

2 сәуір күні сағат 08.20-дағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 402-ге жетті.

Түнде 16 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды: Нұр-Сұлтанда 7 адам, Атырауда – 2 адам, Қарағандыда – 6 адам, Солтүстік Қазақстанда – 1 адам.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда – 191 адам, Алматыда – 90 адам, Қызылордада – 25 адам, Қарағандыда – 21 адам, Ақмола облысында – 19 адам, Атырау облысында – 18 адам, Алматы облысында – 9 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 6 адам, Түркістан облысында – 5 адам, Ақтөбе облысында – 4 адам, Шымкентте – 3 адам, ШҚО-да – 2 адам, БҚО-да – 2 адам. Павлодар мен Маңғыстау облыстарында бір-бір адамнан.

Ал әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 932 мыңнан асты. АҚШ-та ауырғандардың саны 213 мыңға жетсе, Италияда 110 мыңнан асты. Ал Испанияда 104 мыңнан аса адам вирус жұқтырған. 

Қ. Слямбек