Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 41 адам тіркелді

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 41 адам тіркелді

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 41 адам тіркелді. Бұл індетті жұқтырғандардың жалпы саны 191-ге жетті.

"Қазақстандағы коронавирус бойынша 28 наурыз сағат 10.05 жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 41 адам тіркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 32 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы қаласында - 2 адам, Ақмола облысында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, Атырау облысында -1 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 107 адам, Алматы қаласында – 57 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 4 адам, Ақмола облысында - 5 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 2 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, жалпы 191 науқас тіркелді", - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

А. Жапатова