Tengrinews YouTube пен Instagram-да online-концерт өткізуді бастайды

Tengrinews YouTube пен Instagram-да online-концерт өткізуді бастайды

Alash Media Group медиахолдингі Pantograph продюсерлік орталығымен бірлесе online-концерт сериясын бастайды. Қазақстандық және шетелдік өнер жұлдыздары атсалысатын #КвартирникTengri жобасы қазақстандықтарға айрықша әсер сыйлайды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жоба екі жүйе бойынша екі алаңда басталады:

1) Instagram желісінде өнер жұлдыздарымен live-эфир ретінде өтеді. Әр дүйсенбі және жұма күндері сағат 20:00-мен 21:00 арасында әртістер мен музыканттар @Tengrinewskz аккаунты арқылы тікелей эфирге шығып, көрермендермен тілдеседі. Сұрақтарына жауап беріп, шығармашылығындағы жаңалықтармен бөліседі. Сондай-ақ көрермендер өнер жұлдызымен бірге ән шырқау мүмкіндігіне де ие бола алады.

2) YouTube-ғы Tengri TV арнасында қазақстандық және шетелдік танымал өнер жұлдыздарының сериялы концерті өтеді. Бұл шара әр сенбі күні сағат 18:00-мен 19:00 аралығында #КвартирникTengri студиясында болады.

Жақын арада өтетін концерттер кестесі:

27 наурыз, сағат 20:00 – Ілияс Аутовпен Insta-Live (Motor-Roller)

28 наурыз, сағат 18:00 – Urker тобының концерті (YouTube-ғы Tengri TV арнасында)

30 наурыз, сағат 20:00 - Son Pascal-мен Insta-Live (Мароккодан тікелей эфир)

1 сәуір, сағат 20:00 – BluesMotel тобымен Insta-Live

3 сәуір, сағат 20:00 – Иван Бреусовпен Insta-Live

4 сәуір, сағат 18:00 – Нұржан Керменбаев концерті (YouTube-ғы Tengri TV арнасында)

- Біз пандемияға қарсы өз дәрімізді, өз емімізді #КвартирникTengri жобасы арқылы жұртқа шын көңілден ұсынамыз. Alash Media Group медиахолдингі Pantograph продюсерлік орталығымен бірлесе дайындадық. Қазіргі қиын кезеңде мұндай концерттер халықты рухтандыра түседі деп сенеміз. Біздің ұсынысты қабыл алған өнер иелеріне алғысымызды айтамыз. Осылай бірлесе қазақстандықтарға тамаша көңіл-күй, сырлы сұхбат, ерекше позитив сыйлағымыз келеді. Миллиондаған аудиториямыздың алдында қазақстандық және шетелдік әртістер өз өнерін көрсететін болады. Концерттер кестесіне көз жүгірте жүріңіздер! Барлықтарыңызға зор денсаулық тілеймін. Болашаққа сеніммен қарайық! – деді Alash Media Group медиахолдингінің бас директоры Батыр Қазыбаев.

#КвартирникTengri жобасы COVID-19 өршіген тұста сақтық шараларын берік ұстануды да ескертеді. Онлайн-концертке Máńgilik El Daýysy, "На Вершине Тенгри", The Spirit of Tengri жобасына қатысқандар және Жұлдыз FM радиосы жұлдыздары мен тағы өзгелер қатысады.

- Біз бүгінде қазақстандықтардың коронавирусты таратпау жолында қалай сақтанып жатқанын көріп бақылаудамыз. Мұндай сақтық бәріміз үшін үлгі десек те болады. Үйде отырған адамдарға #КвартирникTengri біріктіруші бір орта болмақ. Арамыз алшақ болса да, біз тым жырақта емеспіз. Бізді өнерге деген махаббат, музыкаға деген әуес, мейірім мен жарқын болашаққа деген сенім біріктіреді. Biz Birgemiz!" – деді Pantograph жобасының бас менеджері Сергей Майборода.

#КвартирникTengri онлайн жобасын өткізіп алмау үшін Instagram желісіндегі @tengrinewskz парақшасы мен YouTube-ғы Tengri TV арнасына жазылыңыздар.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Жаным, айтсам сенбейсің!" фильміне киносыншылар көзқарасы
"Жаным, айтсам сенбейсің!" фильміне киносыншылар көзқарасы
Open Culture – 1500 пайдалы курс топтастырылған сайт
Open Culture – 1500 пайдалы курс топтастырылған сайт
Тарихтағы ең ірі галактикалар қақтығысы
Тарихтағы ең ірі галактикалар қақтығысы
Темекіні тастауға итермелейтін 12 дерек
Темекіні тастауға итермелейтін 12 дерек
Сіз туралы әтір сөйлесін
Сіз туралы әтір сөйлесін
НУ ғалымдары "ұйқы ауруына" шалдыққан Калачи ауылының құпиясын ашуға жақын
НУ ғалымдары "ұйқы ауруына" шалдыққан Калачи ауылының құпиясын ашуға жақын