Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 9 адам анықталды

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 9 адам анықталды
Фото: rambler.ru

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 97-ге жетті. 26 наурыз сағат 12:20-гі мәлімет бойынша тағы 9 адамнан бұл инфекцияның белгісі анықталды. Олардың бәрі - Нұр-Сұлтан қаласынан.

- Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 наурыздағы 12:20 сағ. жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 55 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 97 науқас тіркелді, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Н. Үсенова