Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тіркелді, – деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тіркелді, оның ішінде: Алматы қаласында 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 5 адам.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 79 науқас тіркелді", – делінген хабарламада.