Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 60-қа жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 60-қа жетті
Фото: elements.envato.com

"22 наурыз сағат 23:50-де коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді", - делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 60-қа жетті. Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 25, Қарағандыда – 2, Алматы обласы – 1, Ақтөбе областы – 1. Айта кетейік, 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды. Ал 16 наурыздан бастап, елімізде төтенше жағдай жарияланды.

Г. Берік