Алматы әкімдігі маска бағасын бекітті

Алматы әкімдігі маска бағасын бекітті
Фото: liter.kz

Алматы қаласыны әкімдігі медициналық маскаларды сатудың нақты бағасын орнатты. Мұны Tengrinews.kz хабарлады.

Әкімдік таратқан мәліметтерге қарағанда, қазір Алматы қаласының дәріханаларындағы үшқабатты бір масканың бағасы 87 теңге. Ал үшбұрыш маскалар 111 теңгеден сатылуда.

- Бұл баға қатаң бақылауда болады. Қауымдастық арқылы қаланың орталық, қолжетімді аудандарында орналасқан 48 дәріхананы таптық. Оған күн сайын 80 мың маска жеткізіп отыратын боламыз. Бүгін 50 мың маска әкелінді, - деп хабарлады әкімдік.

19 наурыз күні түнгі сағат 00.00-ден бастап Алматы қаласы карантинге жабылады. Қалаға кіріп-шығу тоқтатылады. Шетке шығып кеткен қала тұрғындары ғана ішке кіргізіледі. Олар Алматы қаласында тіркелген болуы қажет. Одан бөлек, қаланың инфрақұрылымын қамтамасыз ететін жұмысшыларға кіруге рұқсат.

Қазір қала әкімдігі кіріп-шығуға рұқсат берілген адамдардың тізімін жасап жатыр.

Қ. Слямбек