Білім және ғылым министрлігі балалар рейді туралы ақпаратты жоққа шығарды

Білім және ғылым министрлігі балалар рейді туралы ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде және WhatsApp мессенджерде оқушылардың мектепке немесе дүкендерге келгенін анықтау мақсатында рейд жүргізілетіні, анықталған жағдайда ата-аналарға айыппұл салынатыны тарап жатыр. Бұл ақпаратты Білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды.

"Қазіргі уақытта мектеп оқушылары көктемгі каникулда, педагогтар қашықтан жұмыс істеп жатыр, мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдары жабылды. Балаларды жекеменшік дамыту орталықтарына жіберуге қатысты шешімді ата-анасы немесе заңды өкілдері қабылдайды", - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, Қазақстанда жалған ақпарат таратқаны үшін 20 АЕК сомасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген.

Massaget