Қашықтан жасалған жұмыстың жалақысы сақтала ма?

Қашықтан жасалған жұмыстың жалақысы сақтала ма?
Фото: google.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Еңбек кодексінің нормасын егжей-тегжейлі түсіндірді. Елдегі төтенше жағдайға орай кей жұмыс берушілер қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыра алатынын айтты.

"Елде төтенше жағдай жарияланды. Жеке кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысы шектеуі мүмкін, кей жағдайда тоқтатылады. Азаматтардың жұмыс істеу режімі ауысады. Жұмыс берушілер қарамағындағы қызметкерлерге әлеуметтік жауапкершілік танытып, заңнаманы сақтауға шақырамын. Қызметкерлер құқығын, қандай жалақы алуы керегін білуі тиіс", - деді Біржан Нұрымбетов.

Министр жұмыс берушілерге қашықтықтан жұмыс жасауға шақырды.

"Бүгін барлық мемлекеттік және жеке тәуелсіз мекемелер қашықтан жұмыс ңтей алса, сол режімге ауыса алады. Қашықтан жұмыс жасалған жағдайда тәртіп, жұмыс уақыты Еңбек кодексінің 138 бабына сәйкес жүреді. Жалақы күнделікті жұмыс күніндегідей төленуі тиіс. Жалақы толық төленеді", - деді министр.

Г. Берік