Төтенше жағдай кезінде қандай сауда орталықтары жұмыс істейді?

Төтенше жағдай кезінде қандай сауда орталықтары жұмыс істейді?
Фото: massaget.kz

Қазақстанда төтенше жағдай жариялануына байланысты азық-түлік тауарларын сататын арнайы сауда орындарынан басқасы өз жұмысын тоқтатады. Азық-түлік сататын дүкендер мен базарлар өз жұмысын жалғастырады деп хабарлайды, – Tengrinews.kz  тілшісі.

"Төтенше жағдай кезінде азық-түлік маркеттері мен базарлар өз жұмысын жалғастырады. Соның ішінде, ірі сауда орталықтарындағы азық-түлік маркеттеріне байланысты анық-қанығын білу үшін әкімшіліктермен байланысып жатырмыз. Өйткені әр әкімшілік шешімді жеке қабылдайды. Бірақ, бөлек азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмыс істейді. Шектеулер болуы мүмкін. Мысалы, Нұр-сұлтан қаласындағы "Артем" жабылады, тек төменгі бөлік қана жұмыс істейді”, - дейді сауда және интеграция министрлігінің баспасөз бөлімі.

Оған дейін сауда және интеграция министрі Бахыт Сұлтанов ірі гипермаркеттермен төтенше жағдай хабарланған уақытта жұмысын жалғастыратыны туралы шешімге келгенін айтқан болатын.

Азық-түлік өнімдерімен байланысы жоқ барлық сауда объектілері жабылады. Оның ішінде, ірі сауда орталықтары да бар.

Т. Есқали