Дүниежүзілік рейтинг агенттіктері АТФБанктің рейтингін "Тұрақты" деген болжаммен растады

Дүниежүзілік рейтинг агенттіктері АТФБанктің рейтингін "Тұрақты" деген болжаммен растады

Жетекші халықаралық рейтинг агенттіктері - S&P Global Ratings, Moody's Investors Service, Fitch Ratings «Тұрақты» болжамымен АТФБанк рейтингін растады.

«Тұрақты» болжамымен рейтингті растау – банкте таяу және орта мерзімдік уақытта өтімді актвитердің жеткілікті көлемі бар, ол  оның клиент алдындағы барлық қаржылық міндеттемелерін орындау мүмкіншілктерін қамтамасыз ете алады, - дейді «АТФБанк» АҚ басқарма төрағасы Сергей Коваленко. – Стратегиялық міндеттемелерді табысты түрде іске асыру, пруденциалды нормативтер бойынша реттегіштің талаптарын орындау және барлық клиенттермен өзара серіктестік қарым-қатынастарды қалыптастыруға негіздеуосының бәрі жинала келе одан әрі дамуға тұрақты платформа қалыптастырды».

S&P Global Ratings өзінің жасаған қорытындысында мына дәлелдер келтірілген: «Біз АТФБанктің рейтингісін растадық, өйткені банктің меншік иелері, ҚРҰБ және ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту бойынша агенттігі  жариялаған қолдау шаралары проблемалық кредиттерді қосымша қормен қамту бойынша банк талаптарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болады деп санаймыз, олар реттегіштердің таяу уақытта жүргізген актвитердің сапасын бағалау нәтижесінде анықталған.  Рейтингтерді растау арқылы біз банктің орта мерзімдік уақытта өзінің қаржылық міндеттемелерін орындауға қабілеттілігі бар деп өз пікірімізді білдіреміз. Біздің ойымызша, банкте  өз міндеттемелерін орындау үшін жеткілікті болатын өтімді активтер көлемі бар, ал алдағы жылдары өтелуге тиіс борыш көлемі еңсеруге келеді. АТФБанктің реттеуші өтімділік коэффиценті (к4) 2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 1,09х болды, ол реттеуші рұқсат беретін деңгейден айтарлықтай – 0,3х артық».

«Біз активтер портфелінің сапасын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отырамыз. Осы жұмыстың тиімділігі жүргізілген AQR нәтижелері арқылы, AQR есептік күнінен кейінгі менеджмент және  акционер қабылдаған әрекеттерді және банктерді капиталдандыруды қолдау шараларын ескере отырып дәлелденген, АТФБанктің капиталының жеткілікті болу нормативі 10.5% құрайды, ол қажетті нормативтен 40% артып отыр, - деді Сергей Коваленко.  

АТФБанктің активтер портфелінің сапасын жақсартуға қатысты қолданылып отырған шаралары АТФБанк, жоспар бойынша күтілетін пайданы ескере отырып, бір жыл ішінде қажетті болатын қосымша қорды қамтамасыз етуге қабілетті екендігіне сенім ұялата алады.

Осы мәліметтерді АТФБанк үшін қажетті провизия сомасы провизиялар есептелгенге дейінгі оның табысынан төмен екендігін ескере отырып, Moody's Investors Service сарапшылары да өз хабарламаларында растап отыр. Бұл талапты банк мемлекеттік Проблемалық Активтер Қоры ұсынатын кепілдікке жүгінбестен, өз қоры есебінен қанағаттандыру мүмкіндігі бар екендігін көрсетеді.

Дәл осындай пікірді Fitch Ratings сарапшылары да ұстанып отыр: «Біздің есептеуіміз бойынша, АТФБанктің  капиталға зиян келтірместен шамамен бір жыл ішінде құнсыздануға кететін шығынды қоспағанда,  пайда есебінен 34 млрд. теңге мөлшерінде қосымша қор жасау (және кепілдік бойынша міндеттемелерінен босау) мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, Fitch Ratings агенттігінің сарапшылары Қазақстанда жасалған банктік сектор активтерінің сапасын бағалау нәтижесі АТФБанктің ұзақ мерзімді рейтингтеріне бейтарап түрде әсер етеді деп көрсетеді.

Даму қарқынының тұрақтылығы арқасында «АТФБанк» АҚ Қазақстанның аса ірі банктерінің қатарынан тұрақты орын алады. ҚРҰБ-нің 2020 жылғы 1 қаңтардағы деректеріне сәйкес АТФБанк өз активтерінің көлемі, кредиттік портфелінің көлемі және депозиттік портфелінің (ЖТ және ЗТ қаражаты) көлемі бойынша 6-орынға ие, нарықтағы үлесі тиісінше  5,3%, 6,4% және 5,1%.

Серіктес материалы

Massaget