Коронавирус әлем экономикасына 2,7 трлн доллар шығын әкелуі мүмкін

Коронавирус әлем экономикасына 2,7 трлн доллар шығын әкелуі мүмкін

Bloomberg сарапшылары коронавирустың әлем экономикасына қалай әсер ететінін анықтап көрді. Олардың болжауына сай, әлем экономикасы COVID-19 коронавирусының таралуынан 2,7 триллион доллар жоғалтуы мүмкін.

Егер Қытай аурудың тарау ошағын анықтап, оны бақылауына ала алса және екінші тоқсанда ел экономикасы коронавирустың салдарына қарсы тұра білсе, оның әсері әлем экономикасына әсер етпек.

Ал Оңтүстік Корея, Жапония, Германия, Италия және Франция коронавирусты ауыздықтай алмай, кеңінен таралатын болса, 2020 жылы әлем экономикасы 2,3% ғана өседі. Қауіпті індет пайда болмай тұрғанға дейін Bloomberg экономикалық өсім 3,1% деңгейінде болады деген болжам айтқан.

Үшінші нұсқа бойынша, наурыз айының басында коронавирус барлық мемлекетке тарауы мүмкін. Бұл жағдайда әлемнің ірі ондаған экономикасы баяу дамиды, өйткені олар инфекцияның таралуымен күреседі. Олардың болжамынша, әлемдік ЖІӨ 1,2 пайызды ғана құрайды. Еуроаймақ пен Жапонияда құлдырау болады, ал президент сайлауы өтетін АҚШ-та жұмыссыздар деңгейі өседі.

Соңғы нұсқа әлемдік экономиканың 2,7 триллион доллар шығынына байланысты. Бұл кезде Қытайдың ЖІӨ 3,5% ғана өседі, бұл 1980 жылғы көрсеткішпен тең. Бұл жағдайда АҚШ-та да құлдырау болуы мүмкін, деп санайды Bloomberg.

Спорттағы коронавирус салқыны

Massaget