Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Ақорда сайты Президенттің Әйелдердің халықаралық күніне арналған құттықтауын жариялады.

Ардақты аналар!

Аяулы арулар!

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы. Әр адамның өміріндегі қуанышты әрі жарқын сәттердің көп болуына сіздер мол үлес қосып келесіздер.

Ел басына күн туғанда асыл аналарымыз бен аяулы аруларымыз қиындыққа мойымай, ұлт тағдырына араласты. Еселі еңбегімен және ерен ерлігімен танылған әйелдердің есімдері тарих жылнамасына мәңгілікке жазылып, жадымызда жатталады.

Егемен елімізде әйелдер қауымы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Отбасы институтын, көпбалалы аналарды, кәсіпкер әйелдерді қолдау және гендер теңдігін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығы.

Сіздердің шығармашылық және кәсіби біліктіліктеріңізді арттыру үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Алдағы уақытта талантты да талапты әйелдер қоғамдық-саяси өмірдің түрлі саласында зор жетістікке жететініне сенемін.

Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке және мол табыс тілеймін!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Карантин екі аптаға ұзартылып, 42 500 теңгеден беріледі
Карантин екі аптаға ұзартылып, 42 500 теңгеден беріледі
"Манчестер Ситиге" Чемпиондар лигасына қатысуға рұқсат етілді
"Манчестер Ситиге" Чемпиондар лигасына қатысуға рұқсат етілді
Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне қанша сыйақы алды?
Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне қанша сыйақы алды?
Ана сүтінде баланы коронавирустан қорғайтын ем бар
Ана сүтінде баланы коронавирустан қорғайтын ем бар
Тоқаев коронавирус пандемиясынан қаза тапқандарды аза тұтты
Тоқаев коронавирус пандемиясынан қаза тапқандарды аза тұтты
АҚШ пен Жапония Айды бірге зерттеуге кірісті
АҚШ пен Жапония Айды бірге зерттеуге кірісті