Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Нұрымбетов еңбек құқығын қорғау үшін қандай шаралар қабылданатынын айтты

Нұрымбетов еңбек құқығын қорғау үшін қандай шаралар қабылданатынын айтты

Нұрымбетов еңбек құқығын қорғау үшін қандай шаралар қабылданатынын айтты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа отырысы өтіп, 2019 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2020 жылға арналған негізгі міндеттер айтылды. Ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов бірқатар мәселеге қатысты мәлімдеме жасады. Әсіресе еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды бақылауды және қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудің жаңа тәсілдеріне назар аударуға шақырды.

Б.Нұрымбетовтің айтуынша, еңбек заңнамасының тұрақты түрде сақталуына мониторинг және бақылау жүргізіледі. Оның нәтижесінде 2019 жылы 9,5 мың жұмыс берушіні тексеру барысында 11,3 мыңнан астам құқықбұзушылық жойылды, 41 мыңнан астам қызметкердің құқығы қорғалды, оларға еңбекақы бойынша 5,4 миллиард теңгеден астам берешек төленген.

Дей тұрғанмен қазір жалақы берешегінің проблемасы әлі де бар. Мысалы 2020 жылдың 31 қаңтарына дейінгі есепте 89 кәсіпорынның жалпы сомасы 1,2 миллиард теңге берешегі бар деп жазылған. Министр мұндағы банкротқа ұшыраған немесе оңалтудағы 53 кәсіпорынның 755 миллион теңге берешегі – алаңдататын жағдай деді.

"Еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мен еңбек қауіпсіздігі – маңызды мәселе. Қазір Қазақстанда 2019-2023 жылдарға жоспарланған "Өндірістік жарақаттану мен еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі жол картасы" бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Бүгінге дейін 2,6 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс процесіне халықаралық стандарттарды енгізді, 2 мыңнан астам өндірістік объект аттестациядан өтті. Мұндай ішкі бақылау жұмыстарын 15 мыңнан астам өндірістік кеңес жүзеге асырады. Нәтижесінде жазатайым оқиғалар көрсеткіші 8,8%-ке төмендеді. 2019 жылы зардап шеккендер саны 1 430 адам болған, ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 1568 адам болған. Былтыр зардап шеккендердің 180-і қаза болған (2018 жылы - 220 адам", – деді министр.

Біржан Нұрымбетов сондай-ақ 2019 жылғы 17 маусымда Женевада министрлік пен Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы "Vision Zero" нөлдік жарақаттану тұжырымдамасын ілгерілету туралы меморандум жасағанын хабарлады.

Бұл тұжырымдамаға республикадағы 137 кәсіпорын қосылған. Министр бұл жұмысты барлық өңірде іске асыру керек екенін айтып, облыс әкімдерінің орынбасарларын еңбекті қорғау, жалақы бойынша берешекті бақылау шараларын бақылауға алуды тапсырды.

Министр 2019 жылдың мамыр айында еңбек жанжалдарының алдын алу және шешуге қатысты кешенді жоспар қабылданғанын еске салды.

2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сәйкес, ірі және орта кәсіпорындардың 96,5%-і және шағын кәсіпорындардың 42,7%-і ұжымдық шарттармен қамтылған. Қызметкерлерді қысқартуға жол бермеу үшін әкімдіктер мен өңірлердегі кәсіпорындар арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалған. Бас прокуратурамен бірлесіп шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарды тексеру жұмысы аяқталып, қажетті әкімшілік шаралар қабылданған.

"Министрлік 2020 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің алдын алу және тәртібін күшейту үшін жұмыс берушілердің қызметкерлерге тең санитарлық-тұрмыстық жағдай жасау жөніндегі міндетін және әкімшілік жауапкершілікті белгілеуді жоспарлап отыр. Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне және тексеру парақтарына өзгерістер енгізіледі. Бұл шара жыл сайын қызметкерлерінің саны 250 адамнан асатын, 30-дан астам шетелдік қызметкерді тартатын кәсіпорындарды жоспарға сай тексеруге мүмкіндік береді", – деді министр Нұрымбетов.

Сонымен қатар Халықаралық еңбек ұйымының конвенцияларына сай, кәсіпорындарды тексеруді кедергісіз жүзеге асыру, еңбек инспекторларының штат санын ұлғайту бөлігінде мемлекеттік еңбек инспекторларының мәртебесін қайта қарау туралы шаралар қабылданбақ.

Қазір кәсіби тәуекелдерді бағалауға негізделген еңбекті қорғауды басқару жөніндегі жаңа тәсілдерді енгізу, кәсіподақтардың қызметін жетілдіру, қызметкерлердің еңбек қызметін цифрлауды енгізу жөніндегі мәселелердің үлкен шеңберін қамтитын еңбек жөніндегі Заң жобалары Парламентте қарауда жатыр.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Massaget
Фото: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Қосылған күні: 17 ақпан, 17:17

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.