Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Уханнан эвакуацияланған 83 қазақстандық ауруханадан шығарылды

Уханнан эвакуацияланған 83 қазақстандық ауруханадан шығарылды

Уханнан эвакуацияланған 83 қазақстандық ауруханадан шығарылды

2 ақпанда Уханнан эвакуацияланған қазақстандықтар карантиннен шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ешбір студенттен коронавирус табылмады. Нұр-Сұлтан қаласының көпсалалы медициналық орталығының директоры Мұхтар Төлеутаевтың айтуынша, ауруханадан 89 адам шығарылған.

"Мұнда 83 адам - қазақстандықтар, бесеуі - Беларусь азаматы, тағы бір қыз Армениядан. Бұл 2 ақпанда эвакуацияланған бірінші топ. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық, дене қызу жақсы, коронавирус ешкімнен табылмады. Бірнеше адамда ЖРВИ болған, олар аман-есен жазылып кетті. Бүгінде барлығының дені сау", - деді дәрігер. 

Қазір балаларды үш бағыт бойынша тасымалдайды: әуежай, теміржол вокзалдары және қалаға, өйткені аурухана 40-станциядан алты шақырым жерде орналасқан. Мұнда Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстаннан келген студенттер бар. 

"Ерекше қиындықтар болған жоқ, бірақ, әрине, балаларға 14 күн жабық кеңістікте болу қиын болды. Палаталарда барлығы болды. Тамақтану, қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектер толық көлемде қамтамасыз етілді. Барлық балалармен психологтар жеке жұмыс істеді", - деді Мұхтар Төлеутаев.

Осыған дейін Қытайдан эвакуацияланған алматылықтар карантиннен кейін үйіне жіберілгені айтылды. 

Қытайда эвакуацияланған Қазақстан азаматтары 13 ақпанда Алматыға қонған еді. Оның бортында Қазақстанның 171 азаматы болған. Олар стационарларға жатқызылды. Тексеруден кейін олардың денсаулығына еш қауіп жоғы анықталған. 

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Massaget
Фото: Tengrinews.kz
Қосылған күні: 16 ақпан, 15:20

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.