Қытайдағы коронавирустан көз жұмғандар саны 1000-нан асты

Қытайдағы коронавирустан көз жұмғандар саны 1000-нан асты
Фото: metro.co.uk

2020 жылдың 11 қаңтарындағы деректерге қарағанда, Қытайдағы коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандар саны 1018-ге жетті, ал жұқтырғандардың саны 43 мыңнан асқан. Мұны South China Morning Post басылымы хабарлады.

Ал бір күн бұрын коронавирустан көз жұмғандардың саны – 808, жұқтырғандардың саны 40 мыңның маңайында болатын. Індет жұқтырғандар мен көз жұмғандардың көбі – ауру ошағына айналған Хубэй аймағының азаматтары.  

Қазір вирус әлемнің 24 еліне тарап үлгерді. Олардың арасында Жапония, Сингапур, Гонконг, Тайланд және Солтүстік Корея елдерінде шалдыққандар көп.

Ал Қытай үкіметінің төрағасы Си Цзиньпин 11 қаңтар күні жариялаған мәлімдемесінде коронавирустың таралуы мен жұғуы әлі тоқтамай тұрғанын, елдегі жағдайдың қиын екенін айтқан болатын.

- Жағдай қиын. Партия комитеті мен үкіметтің барлық органдары індеттің алдын алу мен бақылау шараларын қолға алуға жұмылдырылды. Қытай бұл індетпен күресе алатынына сенімім мол, - деп мәлімдеді Қытай басшысы. 

Қ. Слямбек