Нұр-Сұлтанда тегін қазақ тілі курстары ашылды

Нұр-Сұлтан қаласында тегін қазақ тілі курстары жұмыс істей бастады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Курсқа кез келген адам қатыса алады, мұнда сондай-ақ қазақ тілін латын қарпімен де үйретеді. Жоба "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы" мен 2020-2025 жылдарға арналған тіл саясатын жүзеге асыру негізінде ашылды. Курс туралы қосымша ақпаратты "Руханият"  орталығының әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады.

Қазақ тілі курсына мына мекен-жайлардан жазыла аласыз:

Алматы және Есіл аудандары – Қошқарбаев даңғылы, 50 және Қабанбай батыр даңғылы, 8, 213-кабинет;
Алматы және Байқоңыр аудандары – Ғабдуллин көшесі, 5, 304-кабинет;
Сарыарқа және Байқоңыр аудандары – Республика даңғылы, 42, 7-кабинет.