"Диванда отырып" қалай кредит алуға болады?

Философиялық тұрғыдан кредиттің жақсы немесе жаман екендігін жіктеп айтуға болады, алайда онда да талқылар даулы мәселе көп. Егер, ақылды сөздерді ысырып қойып, шындыққа келетін болсақ, онда кредит бар болғаны құрал. Егер оны дұрыс қолдана білсең, ол сен үшін өміріңде әйтеуір бір болатын қаржылық мәселені шешетін нағыз кілтке айналуы мүмкін.

Енді кредит мейлі жөндеу жұмыстарына, тұрмыстық техника және жиһаз сатып алуға немесе демалыс уақытын қызықты өткізуге қажет болсын, барлық жағдайда, оны АТФБанктен алу оңай бола түсті – кеше банк онлайн-кредит беру қызметін іске қосты!

Енді ешқандай бөлімшенің, кезекте тұрудың, мейлі ол тіпті электронды болсын қажет емес, тек интернетке шығу мүмкіндігі мен банктік карта болса болғаны. Ол дегеніміз – кредитті үйіңде жантайып жатып немесе басқа елде саяхаттап жүріп те алуға болады деген сөз.

"Уақыт – ақша! Сондықтан да, АТФБанкте қашықтан кредит беру өнімін әзірлеп, енгіздік. Енді біздің клиенттер өздеріне ыңғайлы жерде және қажет болған кез келген уақытта кредит ресімдей алады. Осының бәріне аз ғана уақыт жұмсалады, - деді АТФБанктің басқарушы директоры Руслан Волынец. – Бізге кредит алуға онлайн түсетін өтінімдер скорингтік жүйе арқылы автоматты түрде тексеріледі және ақшаны 10 минут ішінде алуға болады".

АТФБанктің өнімдерін пайдаланып жүрген клиенттерге өтінім ресімдеу үшін тек жеке куәлік мәліметтері, ЭЦҚ және жүйе сұрататын растау коды бар sms үшін телефон нөмірі талап етіледі. Кредиттік өтінімді толық мақұлдаған жағдайда ақша клиенттің шотына дереу түседі. Осындай қарыздың шекті сомасы 7 млн. теңгеге дейін, мерзімі жарты жылдан 7 жылға дейін болады, ЖСТМ 17,2 % басталады.

Егер сіз АТФБанк клиенті болмасаңыз немесе егер сізде ЭЦҚ болмаса, онлайн кредит беру жүйесінің сервисі ең аз дегенде алдын ала мақұлдау алу үшін қажет болады. Кредиттік сервистер тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан да, «мен АТФБанктен кредит ала аламын ба?» деген сұраққа «иә/жоқ» жауабын кез келген сәтте, мейлі жарым түнде, мейлі мереке күндері бөлімшеге бармай-ақ ала аласыз. Бұл жерге сізге бір рет, оның өзінде алдын ала қашықтан мақұлданған қарыз бойынша ақшаны алуға келетін боласыз. Сонымен қатар, болашақта қайтадан жаңа кредит талап етілетін болса, онда оны тұрақты клиент құқықтарын пайдалана отырып бірден карточкаға ала аласыз.

Бәлкім, кейбіреулер кредитті интернет арқылы ресімдеуге күмәнмен қарауы мүмкін. Алайда, АТФБанкте өнімнің артықшылықтарын өз тәжірибесі арқылы білген ең күдікшіл деген адамның өзі ойын өзгертетіндігіне сенімді.

Серіктес материалы