Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Ғылыми басылымдарға қойылатын талаптар өзгереді - Асхат Аймағамбетов

Ғылыми басылымдарға қойылатын талаптар өзгереді - Асхат Аймағамбетов

Ғылыми басылымдарға қойылатын талаптар өзгереді - Асхат Аймағамбетов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ғылыми кадрларды даярлауды жетілдіру және академиялық ортаны жақсарту жөніндегі кейбір шараларды атады.

- Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдардың тізбесіне кіретін журналдарға қойылатын талаптарды өзгерту бөлігінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің №20 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасы әзірленіп, шешім қабылданды, - деп жазды Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында.

Министрдің айтуынша, бүгінде оған контенттің жоғары сапасын әрдайым қамтамасыз ете алмайтын белгілі бір өлшемдер бойынша іріктелген 177 отандық басылым кіреді. Осыған байланысты, министрлік Scopus және Web of Science сияқты деректер қорының талаптарына сәйкес осы журналдарға қойылатын талаптарды бейімдеу бойынша жұмысты бастады.

- Қосарланған жасырын рецензиялау, анық редакциялық саясат, қабылданған мақалалардың журналдың тақырыптық бағытына сәйкестігі, шетелдік рецензенттер, барлық жариялау үрдісінің транспаренттілігі, күшті редакциялық алқа, авторлық құқықты қорғау және тағы басқа талаптар 1-1,5 жыл ішінде кезең-кезеңмен осы тізбеге кіретін барлық отандық ғылыми журналдарға қолданылады, -делінген жазбада.

Министрдің мәліметіне сүйенсек, басылымдардың саны қысқарады деп күтілуде. Бұл жағдайда сапалы контент үшін бәсекелестік артады және халықаралық деңгейдегі ғылыми басылымдарды шығарудың кәсіби академиялық мәдениеті қалыптасады.

egemen.kz

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: sputniknews.kz
Қосылған күні: 26 қаңтар, 12:26

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.