Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Коронавирус жұқтырған жолаушысы бар ұшақ Алматыға қонды

Коронавирус жұқтырған жолаушысы бар ұшақ Алматыға қонды

Коронавирус жұқтырған жолаушысы бар ұшақ Алматыға қонды

Алматы әкімдігі әуежайда коронавирус инфекциясына жол бермеуге бағытталған қауіпсіздік шараларын күшейтеді, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"2020 жылдың 25 қаңтарында "Ыстанбұл – Ухан – Ыстанбұл" бағыты бойынша ұшып бара жатқан TCCJ чартерлік рейсі жанармай толтыру үшін Алматы қаласының әуежайында аялдады. Қолда бар ақпарат бойынша, осы бортта коронавирус жұқтырған жолаушы болған. Алматы әкімдігі әуе кемесіне қосымша керосин құю кезінде барлық санитарлық-карантиндік бақылаудың күшейтілген нормаларын сақтап, қажет шараларды жасады. Еліміздегі ірі мегаполистің аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында керосин құю операциясы жолаушылар мен экипаж мүшелерін эвакуациялаусыз жүзеге асырылды", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, Алматыға Қытайдың 5 қаласынан келетін рейстері ескеріліп, қалалық тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитеті департаменті және әуежайдың медициналық қызметі эпидемияға қарсы санитарлық-профилактикалық шараларды жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта барлық рейс жіті бақылауға алынған.

"Елдегі барлық әуежай мен вокзалда, әсіресе Қытайдан келетін жолаушыларды өткізу бекеттерінде барлық жолаушының, тасымалдаушының, экипаж мүшелерінің, бортсеріктердің міндетті жанасусыз термометриясы жүргізіледі. Теміржол, автомобиль жолдарында, Қытаймен шекаралас барлық санитарлық-карантиндік пункттерде де термометрия жүргізілуде. Қолда бар мәліметтер бойынша, әзірге 13 мыңнан астам жолаушы тексерістен өтті. Инфекцияны жұқтыру оқиғасы тіркелмеген", - деп хабарлады әкімдік.

Ал Қытайда коронавирусты жұқтарғандар мен одан көз жұмғандар саны күрт ұлғайды. Вирус Аустралия мен Францияға жеткен.

25 қаңтарда Қытай вирустан 41 адам көз жұмды, 29 провинцияда кемінде 1 287 адам вирусты жұқтырған деп хабарлады. 237 науқастың жағдайы ауыр деп айтылады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Massaget
Фото: zakon.kz
Қосылған күні: 25 қаңтар, 20:58

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.