Ш.Есенов шәкіртақысына өтінім қабылдау басталды

20 қаңтарда академик Ш.Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының шәкіртақы бағдарламасының байқауына өтінімдерді қабылдау басталды. 3 сәуірде 25 шәкіртақы иегерінің есімдері белгілі болмақ.

27 000 теңгеге дейін көтерілген шәкіртақының сомасы студенттер үшін биылғы инфляциялық процестердің орнын толтырады. Одан бөлек, биыл шәкіртақыға өтінім беру жеңілдей түскен.

"Енді қордың сайтында өтінімдерді онлайн қабылдаймыз. Бұл – екінші кішігірім болса да жағымды жаңалық", – дейді бағдарламаның үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмұханов.

Есенов шәкіртақысы жаратылыстану ғылымдары, техника, медицина және ІТ саласында біліп алып жатқан, бакалавриаттың 2-3-ші курс, магистратураның 1-курс және интернатураның 1-ші курс студенттеріне беріледі. Байқауға қатысу үшін, онлайн-өтінімді толтыру және талап етілетін құжаттарды қоса беру қажет. Сондай-ақ сайтта байқау туралы толық мәлімет жазылған ереже жарияланған.

"Өтінімдерді 20 ақпан күні сағат 15:00-ге дейін қабылдаймыз. Бірінші турдың нәтижелерін 10 наурызға қарай жариялаймыз деп ойлаймын. Екінші турды, әдеттегідей, екі астанада өткіземіз. Бұл бізге конкурсқа қатысушылардың жеке және психологиялық қасиеттерімен танысуға мүмкіндік беретін дәстүрлі бизнес-ойын болады. Жеңімпаздарды Қазақстанда сәуір айының бірінші жексенбісінде атап өтілетін Геолог күніне орай жариялаймыз", – деді Нұрсұлтан.

Есенов шәкіртақысы кең спектрлі мамандықтардың үздік қазақстандық студенттеріне 8 жыл қатарынан табысталып келеді. Ол студент бюджетіне жақсы демеу болып, 1 жыл бойы ай сайын төленеді.