Сұңқар Қарабалин Азия жеңіл атлетика қауымдастығының мүшесі атанды

Сұңқар Қарабалин Азия жеңіл атлетика қауымдастығының мүшесі атанды
Фото: vesti.kz

Effective Media Liaison ЖШС (Massaget.kz, Tengrinews.kz, Vesti.kz) директоры Сұңқар Қарабалин Азия жеңіл атлетика қауымдастығының медиа мен БАҚ бойынша комиссия мүшесі атанды. Бұл туралы Қазақстанның Жеңіл атлетика федерациясы хабарлады.

Комиссия құрамына сондай-ақ төраға Абдулла И Аль Мулла (QAT), Лейла Смати (ALG), Бижу Бабу Кириак (IND), Суреш Наир (SGP) және Вироте Китгуланантаек (THA) енді.

Сұңқар Қарабалиннің тағайындалуын Азия жеңіл атлетика қауымдастығының төрағасы, генерал Дахлан Аль-Хамад атынан қауымдастықтың бас хатшысы А.Шуггумарран құттықтады.

"Сіз қауымдастыққа өзіңіздің терең біліміңіз бен тәжірибеңізді беріп, Азия жеңіл атлетика қауымдастығының дамуына мол үлес қосады деп сенеміз", - делінген хатта.

Қазіргі таңда Сұңқар Қарабалиннан бөлек, Қазақстан атынан Аймақтық жеңіл атлетика қауымдастығында Федерацияның бас хатшысы, жарыстарды өткізу Комиссиясының мүшесі Асхат Сейсембеков пен Қазақстан құрамасының лидері, спортшылар Комиссиясының мүшесі Ольга Рыпакова бар. Сұңқар Қарабалин медиа мен БАҚ Комиссиясының мүшесі атанды.

Сұңқар Қарабалин Алматы облысында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтында білім алған. 10 жылдан астам уақыттан бері Effective Media Liaison директоры қызметін атқарып келеді.

Massaget