7 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

7 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: desktopwallpapers.org.ua

Қазгидромет 7 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің айтуынша, 7 қаңтарда Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды.

Ауа сапасының ластануы Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Балқаш қалаларында күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қазақстан территориясында атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Республиканың оңтүстігінде кей жерлерде жауын-шашын, солтүстігі мен солтүстік-батысында қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады.

Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, түнде кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

А. Қажиев