Алматыдағы SELFIESTAN фестивалі қалай өтіп жатыр?

Алматыдағы SELFIESTAN фестивалі қалай өтіп жатыр?

Алматыдағы "Мәскеу" метро станциясында SELFIESTAN селфи фестивалі өтіп жатыр. Фестивальде селфиге түсуге арналған арнайы кратив зоналар қойылған. Фестиваль тақырыбы – "Ғаламат Жаңа жыл".

Фестиваль жаңа жылдық ерекше суреттер сыйлап қана қоймай, қатысушылар арасында конкурстар ұйымдастырып жатыр. Оған қатысу үшін, суретке түсіп, әлеуметтік желілерге #selfiestan #selfihan #selfiehanym #selfiebope және демеушілер ұсынған #marwinselfiekz #Вторжение #legoselfiekz #selfieMechta хэштегтерімен жариялау керек. Ең үздік, креатив, әдемі суреттерге жүлделер беріледі.

"SELFIESTAN – бұл ерекше, тартымды суретке түсіруге мүмкіндік беретін фестиваль. Жоба көрермендердің көңілін көтеріп, қызықтырып қоймай, сонымен қатар жарнама саласында жұмыс істейтін өндірістік компанияларға, олардың деңгейі мен мүмкіндіктерін көрсету үшін де ұйымдастырылып отыр. Фестиваль кезінде "Селфиханым" мен "Селфихан" таңдалады. Ең танымал селфиді жасап, оны Инстаграмға жариялаған қатысушылардың арасында фестиваль ханы мен ханшайымы анықталады. Фестиваль қонақтарын ерекше фотозоналар, байқаулар, сыйлықтар күтеді және қазақстандық жұлдыздармен селфи жасай алады", - дейді ұйымдастырушылар. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от selfiestan.kz (@selfiestan.kz)19 Дек 2019 в 5:44 PST

Фестивальдің барысы мен нәтижесі SELFIESTAN-ның әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланып отырады.

Massaget