Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / ҰБТ электрон форматқа көшіріледі

ҰБТ электрон форматқа көшіріледі

ҰБТ электрон форматқа көшіріледі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мектептен кейінгі білім беру жүйесінде болатын өзгерістерді атады. Министр 2020-2025 жылдарға арналған жобаларды таныстырды.

"Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру тәртібі электрон форматқа көшіріледі. Гранттардың бірнеше түрі енгізіліп, жоғары оқудың ашықтығы, қолжетімдігі қамтамасыз етіледі. 2025 жылға дейін 90 мың орынға арналған жатақханалар салынады. Педагогика мамандарын даярлайтын 85 университке қосымша талап қойып, олардың санын азайтып, материалдық базасын нығайтамыз", - деді Аймағамбетов.

Министр алдағы 6 жылда колледж түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 60%-тен 75%-ке дейін өзгеретінін айтты.

"Жоғары білім бағдарламалары кәсіби стандарттарға негізделіп, 100% жаңарады. Шетел студенттерінің саны жалпы контингенттің 10%-ін құрайды.

Профессорлық-оқытушылық құрамның еңбекақысын көтеріп, университеттердің материалдық базасын жақсарту көзделіп отыр. Білім гранттары орташа алғанда 340-420 мыңнан 900 мыңға дейін өседі. Бұл – көптен күткен жаңалық. 2011 жылдан бастап грант құны бұлай өзгермеген. Бұған бюджетен 244 млн теңге бөлінеді. 10 университетте академиялық басымдық орталықтарын құру үшін 21 млрд теңге бөлініп, 10 университет әлемнің үздік 500 университеті қатарына кіреді, - деді Аймағамбетов. 

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Massaget
Қосылған күні: 19 желтоқсан 2019, 12:43

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->