Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Академик Сұлтан Сартаев қайтыс болды

Академик Сұлтан Сартаев қайтыс болды

Академик Сұлтан Сартаев қайтыс болды

Академик Сұлтан Сартаев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Академик бүгін, 13 желтоқсанда өмірден озды.

Сұлтан Сартайұлы Сартаев - кеңес және қазақстандық ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Құқықтану және халықаралық қатынастар институтының ректоры, Қазақстан заңгерлер қауымдастығының вице-президенті. Ол – еліміздегі Конституцияның негізін қалаушылардың бірі.

Сартаев 1995 жылы еліміздің Ата Заңын дайындауға белсенді араласқан. Оның бастауымен Конституцияға Қазақстанның жер және жер қойнауы, ұлттық нышандарына байланысты көптеген маңызды өзгеріс енгізілді.

Сұлтан Сартаев 1927 жылы 15 қазанда дүниеге келген. 1962 жылы Сұлтан Сартайұлы ауылдарда қазақ мектебін бітіргендер үшін заң факультетінде қазақ бөлімін ашу үшін барлық күш-жігерін жұмсаған. Ол балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету және шәкіртақы алуға, қазақ тіліндегі қабырға газетін шығаруға атсалысқан.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Massaget
Қосылған күні: 13 желтоқсан 2019, 19:47

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.