Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Тоғыз айда Қазақстаннан 34 мыңнан аса адам көшіп кеткен

Тоғыз айда Қазақстаннан 34 мыңнан аса адам көшіп кеткен

Тоғыз айда Қазақстаннан 34 мыңнан аса адам көшіп кеткен

2019 жылдың үш тоқсанында (қаңтардан қыркүйек айына дейін) Қазақстаннан 34,2 мың адам көшіп кетті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,3 пайызға артық, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Сонымен қатар, Қазақстанға осы уақытта тек сегіз мың адам келген, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 14,4 пайызға аз. 

Елден негізінен қала тұрғындары шыққан: 28,8 мың адам немесе көшкендердің жалпы санының 84,1 пайызы. Ал ауылдан 5,4 мың адам көшіп кеткен. 

Сыртқы көші-қонның ең елеулі теріс сальдосы 16 жастан зейнеткерлік жасқа дейінгі қазақстандықтар арасында байқалады - 17,4 мың адам (23,6 мың кетті, 6,2 мың келді). 15 жасқа дейінгі балалар көші-қонының теріс сальдосы 8 мың адам болды (9,1 мың кетті, 1,1 мың адам келді).

2019 жылдың тоғыз айында 30,4 мың адам Ресейге көшкен. Ал ол жерден келгендер саны - 2,2 мың адам.

Қазақстандықтар таңдаған екінші ел - Германия: онда 2,1 мың адам кетті. Үшінші орында - Беларусь (297 адам). Сондай-ақ, бестікке Өзбекстан мен АҚШ кірді, онда тиісінше 220 және 190 адам көшкен.

Қазақстандықтар сонымен қатар, Қырғызстанға, Израиль, Қытай, Түркия және Канадаға жиі барады. Ал Қазақстанға Өзбекстан (2,9 мың адам), Ресей (2,2 мың адам) және Қытай (686 адам) тұрғындары келеді.

Өңірлер бойынша шетелге ең көп кететін облыс тұрғындары - Шығыс Қазақстан (5,4 мың адам), Қарағанды (4,8 мың адам) және Қостанай (4,3 мың адам). Сондай-ақ, бестікке Павлодар (4,2 мың адам) және Солтүстік Қазақстан (3,3 мың адам) облыстары кірді.

Көші-қонның оң сальдосы еліміздің үш өңірінде ғана байқалады, олардың ішінде Шымкент (293 адам кетті, 622 адам келді), Алматы облысы (1155 адам кетті, 1456 адам келді) және Түркістан облысы (196 адам кетті, 261 адам келді) бар.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Massaget
Қосылған күні: 16 қараша, 15:58

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.