Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Face Pay Алматы автобустарына енгізіле ме?
Face Pay Алматы автобустарына енгізіле ме?

Алматы қаласындағы қоғамдық көліктерде "Оңай" картасы немесе билет арқылы жолақысын төлеуге болады. Ал алдағы уақытта төлем жасаудың жаңа технологиялары пайда болуы мүмкін бе? Сұраққа Алматы қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділов жауап берді.

"Face Pay туралы әзірге білмейміз, қазір "Алматы көлік холдингінің" директоры іссапарда. Дәл осы жаңа инновацияларды енгізу бойынша жұмыс сапарында жүр. Жақын арада біз осы жаңашылдыққа қатысты толық ақпарат береміз. Әртүрлі банктермен келіссөз жүріп жатыр, несие карточкасымен төлем жасау мәселесі пысықталуда", - деді Алматы қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділов.

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: parentology.com
Қосылған күні: 07 қараша, 16:26
Ұқсас жазбалар:
"Оңай" картасын сатып алу неге оңай болмай тұр? Massaget.kz
18 жыл бұрын жоғалған бала Face App көмегімен табылды Massaget.kz