Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Massaget.kz порталы Máńgilik El Daýysy концертін тікелей эфирде көрсетеді
Massaget.kz порталы Máńgilik El Daýysy концертін тікелей эфирде көрсетеді

Жастар жылы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық концерт залында 9 қараша күні сағат 19.00-де Máńgilik El Daýysy концерті басталады. Бұған дейін баламасы болмаған бірегей шоуда Қазақстанның эстрада жұлдыздары хит әндерін жанды дауыста орындайды. Massaget.kz порталы концертті тікелей эфирде көрсетеді.

Концертті сенбі күні Massaget TV YouTube-арнасындағы трансляцияда тамашалауға болады. Ерекше шоуды өткізіп алмай, дер кезінде хабарлама алу үшін YouTube-арнаға жазылып, қоңырау белгісін алдын ала басып қойыңыз. Сондай-ақ, тікелей эфир сілтемесі Massaget.kz порталында жарияланады.

Концертте Ерке Есмахан, Айқын, Нұржан Керменбаев, Raim & Artur, Ерболат Құдайберген және ORDA тобы өнер көрсетеді.

Жоба көрермендерді ерекше қойылымдар, әдемі безендірумен қуантып, тыңдармандардың артистермен бірге ән айтуына мүмкіндік жасайды. Көрермендерге ыңғайлы болуы үшін әндердің мәтіні LED-экрандарда көрсетіліп отырады. Осылайша көрермен мен артист арасында ерекше байланыс орнап, шоуда ерекше атмосфераға болмақ.

Шоу режиссері Марина Ожерелова көрермендер сүйікті әншісінің әндерін орындап қана қоймай, сонымен қатар, халық әндерін де шырқай алатынын атап өтті. 

"Máńgilik El Daýysy – әртүрлі жастағы тыңдармандардың басын қосатын шоу. Ол тек жастарға ғана емес, сонымен қатар жасы үлкен кісілерге де қызық болады. Себебі концертте қазақтың халық әндері де шырқалатын болады", - дейді режиссер.

Жоба ұйымдастырушысы – Pantograph продюсерлік орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ақпараттық қолдау – Alash Media Group холдингі, "Жұлдыз FM, Tengri FM радиостанциялары.

Шараға билеттерді ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Дайындаған: Massaget

Қосылған күні: 07 қараша, 09:02
Тегтер: Máńgilik El Daýysy,
Ұқсас жазбалар:
Нұржан Керменбаев: Máńgilik El Daýysy тыңдарманмен байланыс орнатуды көздейді Massaget.kz
"Бәрі жанды дауыста ән айтады". Máńgilik El Daýysy жобасына дайындық қалай жүріп жатыр? Massaget.kz